Әрбір әйелдің қынабында “жақсы” және “жаман” бактериялар да болады. Бұл норма. Жақсы бактериялардың мөлшері көп болады, ал егер ара-қатынасы, баланс бұзылса, «жаман» бактериялар нормадан көбейеді

Осыдан бактериальды вагиноз деген диагноз туындайды, былай айтқанда қынаптық дисбактериоз.
⠀
Бактериальды вагиноз — бұл:

1. Лактобациллалардың азаюы, факультативті анаэробтардың (гарднерелла, уреоплазма т.б микроорганизмдер) көбеюі
⠀
2. Қалыпты микрофлора өзгеріп, қынапта pH ұлғаяды, клиникалық көріністі шақырады
⠀
3. Жаңа бактериалды флорадан аминдер шығып, қынапта жағымсыз балық исіне ұксас иіс пайда болады
⠀
Бұндай өзгерген вагинальды флора қабыну процессін шықырмағандықтан, бұл жағдайды Вагиноз деп атайды.
⠀
Қауіп факторы:

— Сексуальды белсенділік. Жыныстық қатынаста болмаған әйелдерде бактериальды вагиноз болмайды. Бұл жыныс жолымен берілетін ауру, бірақ аса қауіпті патогенді микроорганизмдерге жатпайды.
— Спринцевание.
— Шылым шегу және зиянды тағамдар.
⠀
Симптомдары:

70% симптомсыз өтеді

Клиникалық көрінісі — бөлінділер сұр, ақ, жасыл түсті және жағымсыз иіспен болады. Жағымсыз иіс жыныстық қатынас кезінде және менструация кезінде үдейеді.

Емдеу тәсілі - жағымсыз иіс пен бөлінділер нормадан көп болғанда және егер клиникалық көрінісі жоқ, бірақ қандайда бір гинекологиялық манипуляция жасар алдында міндетті түрде емдеу қажет.

Ал егер ешқандай симптом болмаса, онда оны емдеудің қажеті жоқ.
⠀
‼️Ал жүктілерде бактериальді вагиноз кездессе, клиникалық симптомдары болмаса да міндетті түрде емдеу қажет
⠀
Емдеу тәсілі жергілікті, терапия курсы 7-14 күн.
⠀
Бактериальді вагиноз қоғамдық дәретханада, бассейндерде жұкпайды, бұл МИФ.

Бактериальды вагиноз деген не?
Байланыс
Абдакимова Гүлжан Кадирбаевна / 21 декабря
Акушер-гинеколог
Бактериальды вагиноз деген не?
This site was made on Tilda — a website builder that helps to create a website without any code
Create a website