Бүгін бір пациентім келді. Жолдасы урологқа каралғанда, Жыныстық қатынаспен берілетін инфекцияларға (ИППП) анализ тапсырған.
⠀
ПЦР анализінің нәтижесі бойынша — уреаплазма уреалитикум, уреаплазма парвум, микоплазма гоминис және гарднерелла “Обнаружены” деп тұр

Сонымен ол жігітте шок болады, бірақ ешқандай клиникалық көріністері (симптомдары) жоқ. Не керек, урологтың қабылдауына барып 40 мың теңгеге өлтіріп дәрілерін алып, қабылдаған.

Енді уролог “келіншегін де тапсырсын осы анализге немесе біздің медцентрдегі гинекологқа келсін” деп миын жеген ғой. Жолдасы да келіншегіне қоймай “барып тапсыр инфекцияға” деп маған жіберген.
⠀
Сонымен Уреаплазма уреалитикум, Уреаплазма парвум, Микоплазма гоминис — қалыпты жағдай, қынап микрофлорасының бір бөлігін құрайды, және бедеулік, түсік, туа пайда болатын ақаулардың себепшісі де емес.
⠀
Алайда біздің дәрігерлер осы уреаплазманы антибиотикалық дәрілермен курстап емдеп, барлық аурудың себепшісі етеді
⠀
Уреаплазма - стафилококк, гарднерелла сиякты шартты патогенділерге жатады. Олардың 15-тен аса түрлері бар.

Олардың барлығын жеке-жеке емдеу, емдік тактиканың қателігін көрсетеді. Сондықтан Уреаплазманы емес, жалоба болса ғана, қабыну арулары (воспаление болса) ғана емдеу қажет!
⠀
Уреаплазманы іздеп, анықтау қажет емес⛔️
Емдеу де қажет емес⛔️
⠀
Уреаплазма жүктілікке әсер етпейді, түсік жасамайды, бедеулікті шақырмайды.
Уреаплазмоз денег диагноз жоқ!
Абдакимова Гүлжан Кадирбаевна / 21 декабря
Акушер-гинеколог
Уреаплазмоз денег диагноз жоқ!
Байланыс
This site was made on Tilda — a website builder that helps to create a website without any code
Create a website