Жеке қабылдау
Жүктілікке дайындық
Мен туралы
Байланыс
Мақалалар
Басты бет
Қынап және сыртқы жыныс мүшелерінің денсаулығы үшін НЕ қажет? Қарапайым, қымбат емес өнімдер қажет.
⠀
Келесі кеңесті сақтап алыңыздар! Және қыздарыңызға да үйретіңіздер!
⠀
1️⃣ Түнде киіп жататын киімдеріңізге мән беріңіз. Олар хб, жұмсақ және кең болуы керек. Себебі ауа циркуляциясы жақсы жүрсе, Вагинит қаупі азаяды

2️⃣ Іш киіміңіз хб немесе жібек матадан, ыңғайлы болуы қажет

3️⃣ Іш киімді кір сабынмен, ағып тұрған сумен жуған жақсы, себебі порошоктар кейде аллергиялық реакциялар шақыруы мүмкін

4️⃣ Тар, денеге жабысып тұратын киімдерді ұзақ кимеңіз, мысалы: шулық, лосины, скинни джинсы, легенсы. Көбіне кең шалбар, көйлек киіңіз. Дене мен киімнің арасында кеңістік болу керек, ауаның циркуляциясы үшін, әдемілік үшін де

5️⃣ Гигиена үшін арнайы интим гель қажет емес, жай ғана құрамында ароматизатор, антисептик, спирт, иістендіруші заттардың болмағаны жақсы

6️⃣ Кіші және үлкен дәретке барған соң міндетті түрде мүмкіндік болса сумен жуыңыз

7️⃣ Үлкен дәреттен соң сүртіңіз және жуыңыз, жуғандағы және сүрткендегі бағытыңыз алдынан ➡️ артқа қарай, яғни қынаптан анальды тесікке қарай. Тек сол қолмен жуыныңыз, бұл сүннет

8️⃣ Жуғанда тек сыртқы жыныс мүшелерін ғана жуыңыз. Қынапқа саусағыңызды тығып ешқашан жумаңыз, әсіресе жыныстық қатынастан кейін

9️⃣ Жыныстық қатынастан кейін қынапқа грушамен перекись водород, хлоргексидин, мирамистин, өзіңіздің мочаңызды құюға болмайды!

Күнделікті ежедневникті қолданбаңыз одан ешқандай пайда жоқ!
⠀
Қыз балаларыңызды да жуындыруға үйретіңіз. Күнде жатар алдында жуындырып жатыңыз.

Ішкиімсіз тек пижамамен ұйықтаса да болады. Оларды да жуындырғанда алдыдан артқа қарай сол қолмен жуыңыз!
⠀
Пайдалы болды деген үмітпен ❤️ және құрбыларыңызбен бөлісуді сұраймын! Керек ақпарат деп ойлаймын, сақтап алыңыздар!
Жеке қабылдау
Жүктілікке дайындық
Мен туралы
Байланыс
Мақалалар
Басты бет
Жеке қабылдау
Жүктілікке дайындық
Мен туралы
Байланыс
Мақалалар
Басты бет
Интимді гигиена туралы маңызды 10 кеңеc
Абдакимова Гүлжан Кадирбаевна / 21 декабря
Акушер-гинеколог
Интимді гигиена туралы маңызды 10 кеңеc
This site was made on Tilda — a website builder that helps to create a website without any code
Create a website